LRT желісі Қосшыға дейін ұзартылады

LRT желісі Қосшыға дейін ұзартылады
Астана қаласының әкімдігі

Келесі LRT бағыты Қосшыға қарай өтеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала басшысының айтуынша, күн сайын Қосшыдан Астанаға 15-тен 20 мыңға дейін көлік кіріп тұрады, бұл қалалық жолдарға айтарлықтай жүктеме түсіреді.

«Қосшы өсіп келеді, ол – Астанаға көп көмегін тигізіп отырған ірі серіктес қала. Сол арқылы  жүктеме азайып жатыр. Сондықтан Қосшыдан қалаға қарай қозғалыс белсенді, және біз келесі кезеңді осы бағытта салатын боламыз», – деп атап өтті әкім.

Қасымбектің айтуынша, бұл – жобаның екінші кезеңіндегі тармақтардың бірі ғана. Екінші тармақ Сығанақ көшесі арқылы Тұранға дейін, әрі қарай қаланың ескі бөлігіне – ескі теміржол вокзалына дейін өтеді. Қосшы бағытына баратын алғашқы бөлігі бір жарым жылдың ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қаржыландыруға келсек, әкімнің айтуынша, қаражат қарыз түрінде алынуы мүмкін.

Сондай-ақ, қала басшысы Қосшы бағытына тартылатын желінің бір бөлігі жер үстімен өтетінін атап өтті.

— «Бүгінде таң сайын, әсіресе сағат 08:00 шамасында, Қосшыдан қалаға 50 мыңнан астам адам келеді. Бұл Тұран, Қабанбай батыр және Мәңгілік Ел көшелеріне зор жүктеме түсіреді», – деді ол.