2,9 млрд теңге: Астанада мемлекетке қомақты берешек қайтарылды

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2025 16:40

Астанада мемлекетке қомақты берешек қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"City Transportation Systems" ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік берілді.

Сонымен қатар, жеке компаниялардың бірі астаналық мектептің пайдасына 17 млн теңге көлеміндегі берешегін өтеді.

"Биыл жалпы 2,9 млрд теңгеге мемлекеттің активі толықтырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар