"Ескі Қазақстанның" өкілі Есімов жұрт алдына шықты

Көркем Алдабергенова 29 қаз. 2025 16:32

Көптен бері көзге түспеген Ахметжан Есімов Алматыдағы гольф турнирінде бой көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ескі Қазақстанның" өкілі саналатын Ахметжан Есімов ұзақ уақыттан кейін алғаш рет қоғамдық іс-шарада көрінді.

Ол Алматыдағы "Жайлау" гольф-курортында өткен Audi Quattro Cup 2025 ұлттық турнирінде бой көрсетті. Ұзақ уақыттан бері жұрт алдына шықпаған Есімовтің шара кезінде көңілі көтеріңкі болғаны суреттерден байқалады.

Турнирден түсірілген фотоларды іс-шара ұйымдастырушылары жариялаған. Суреттерден Ахметжан Есімовтің спорттық атмосферада өзге қатысушылармен бірге уақыт өткізгені көрінеді.

Айта кетейік, Ахметжан Есімов 2008 жылы 4 сәуірде Алматының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін қаланы Иманғали Тасмағамбетов басқарған. Есімов 7 жыл - 2015 жылға дейін оңтүстік Астананы басқарған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар