Қожамжаровтың туған ағасына тиесілі компанияға қомақты айыппұл салынды

Қожамжаровтың туған ағасына тиесілі компанияға қомақты айыппұл салынды

ҚТЖ компаниясы Қожамжаровтың туған інісінің фирмасын сотта жеңді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өткен жылдың соңында “ҚТЖ-жолаушылар локомотивтер” компаниясы Дулат Қожамжаровқа тиесілі “High Industrial Lubricants & Liquids Corporation” (HILL) ЖШС-мен дизель майын жеткізу туралы келісімшарт жасаған. Шарттың жалпы құны – 504 млн теңге, ал жеткізу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленген.

Алайда жеткізуші өз міндеттемелерін толық орындамаған. 2025 жылдың 1 тамызында компания мемлекеттік тексерулер мен сот істерінің қызметке кедергі келтіріп жатқанын айтып, келісімшартты бұзуды сұраған.

“ҚТЖ-жолаушылар локомотивтер” басшылығы келісімшарт бұзылғаннан кейін 46 млн теңге көлеміндегі авансты қайтаруды және шарттың 10%-ына тең айыппұл (50,4 млн теңге) төлеуді талап етті.

HILL компаниясы айыппұл төлемеуді сұрап, жеткізудің 40%-ын орындағандарын алға тартқан. Дегенмен, сот КТЖ талаптарын толық қанағаттандырып, төмендегідей шешім шығарды:
• аванс ретінде төленген 45 769 957 теңге,
• айыппұл сомасы 50 401 768 теңге,
• мемлекеттік баж ретінде 2 885 152 теңге өндірілсін.

Компания иесі кім?
Дулат Қожамжаров - Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың туған інісі. Ол “Hill Corporation” компаниясының жалғыз құрылтайшысы, кәсіпорын майлау материалдарын өндірумен айналысады.