Дәурен Абаев: "Бұл орыс тіліне тыйым салынды дегенді білдірмейді"

Dalanews 27 ақп. 2018 11:32 695

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Елбасының парламент және үкімет жұмысы мемлекеттік тілде жүру керек деген сөзін ежіктеп түсіндіріп берді. 

Министрдің айтуынша, бұл билікте орыс тіліне тыйым салынды дегенді білдірмейді. 

"Елбасы бұдан былай үкімет пен парламент отырыстарында мемлекеттік тілге көшетінімізді айтты. 
"Тәуелсіздік алған 26 жылда біз үкімет пен парламент мемлекеттік тілде сөйлейтін дәрежеге жетуіміз керек" деді Мемлекет басшысы.

Мен білсем Елбасы мәлімдемесінде "тек қана" деген сөз болған жоқ. Сайып келгенде бұл әрбір азаматтың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергеніне байланысты", – деді Абаев. 

Айтуынша, егер үкімет мүшесіне өз ойын орысша жеткізу жеңіл болса, ол орысша баяндама жасай алады. 

Үкімет, парламент отырысына қатысатын журналистер үшін ілеспе аударма жасалатын болса, жиынды онлайн режимде тамашалайтын көрермендер үшін мұндай мүмкіндік жоқ. Тиісінше, орыстілді журналистер тарапынан "бұл мәселе қандай жолмен шешіледі?" деген сауал қойылуда. 

"Меніңше, бұл соншалықты күрделі мәселе емес. Қарастыруға болады. Сіздер журналистерсіздер. Репортаж жасайсыздар. Кез-келген министрдің не айтқысы келгенін бірден аңғарасыздар және оны жұртқа жеткізуде де қиындық тумас деп ойлаймын", – деді Абаев өз кезег. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар