Тұрғындарымыз қай тілде сөйлесе де өз құқы, ал мемлекеттік қызметкерлер ресми жиындар мен кездесулерде, есеп беруге шыққанда тек қазақ тілінде ғана сөйлеуге міндетті,-дейді ол, деп хабарлайды 31 арна.
“30 жылдан кейін барып Президенттің осыны айтуы, осыны айтқызуға жеткізген солардың өзі – мемлекет қызметкерлер.
Сондықтан шындығында да бұл үлкен ұят. Президенттің айтқанына байланысты сөйлеген деген сөзге менің өз басым, ішім бір қайнап кетеді.
Себебі мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Оны сөйлеу және оны дамыту мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті”, – дейді сасаткер Дос Көшім.