Ресейдің Красноярск қаласындағы №153 мектепте ауыр оқиға болды. Сабақ өтіп жатқан кезде 8-сынып оқушысы кабинетке балғамен кіріп, сыныптың ішіне бензин төгіп, үш оқушыны өртеп жіберген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен балалардың арқасы, беті мен аяқтары 2–3 дәрежелі күйік алған. Олардың шашы мен киімі түгелдей жанып кеткен.
Арина есімді оқушы ауруханаға жеткізілді. Қалған екі балаға дәрігерлер оқиға орнында медициналық көмек көрсетіп жатыр.
Қылмысқа қатысы бар жасөспірім ұсталды. Қазір мектеп аумағында төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.
