Өзбекстан Бразилияның әскери-көлік ұшақтарын сатып алмақ

Көркем Алдабергенова 04 ақп. 2026 17:46

Өзбекстан Орталық Азияда алғаш болып Бразилияда шығарылатын C-390 Millennium әскери-көлік ұшақтарын қарулануына енгізбек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

C-390 Millennium ұшағы 26 тоннаға дейін жүк тасымалдауға қабілетті, сағатына 870 шақырымға дейін жылдамдық алады және топырақ ұшу-қону жолақтарында пайдалануға болады.

Қазіргі таңда Өзбекстан әскери-әуе күштерінің паркінде Испанияда шығарылған C-295 үлгісіндегі төрт ұшақ бар. Олардың жүк көтергіштігі 9,2 тонна. Алайда мамандардың пікірінше, бұл ұшақтар жергілікті климаттық жағдайға толық бейімделмеген: ұзартылған ұшу-қону жолақтарын қажет етеді, әрі жоғары температурада жүк көтеру мүмкіндігі төмендейді.

Сараптамалық пікірлерде Өзбекстанның дәл осы бразилиялық ұшақты таңдауы даулы шешім ретінде бағаланып отыр. Себебі ел 2012 жылға дейін әлемдегі ең үздік әскери-көлік ұшақтарының бірі саналатын Ил-76 үлгісін өзі өндірген.

Салыстыру үшін: анықтамалық деректерге сәйкес, 60 тонна жүк көтеретін Ил-76 ұшағының каталождық бағасы шамамен 27 млн доллар, ал 26 тонна жүкке есептелген C-390 Millennium ұшағының бағасы 50 млн доллар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove