"Дәстүр емес, қылмыс". Прокуратура қыз алып қашуға қатысты мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 30 шіл. 2025 12:05

Бас прокуратура қыз алып қашуға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл 16 шілдеде Президент "Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заң 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ал заң күшіне енгеннен кейін неке қиюға мәжбүрлегені үшін Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап енгізіледі. Бұл бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Прокуратура бұл дәстүр емес, қылмыс екенін мәлімдеді.

"Неке екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуға тиіс. Азаматтарға келісімсіз қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс екенін ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар