Дастан Сәтбаев “Челси” клубының ресми ойыншысы атанды

Дастан Сәтбаев “Челси” клубының ресми ойыншысы атанды
Фото: sports.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев ресми түрде Лондонның “Челси” клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.

12 тамызда қазақстандық футболшы 18 жасқа толды. Осыған байланысты оның ағылшын клубымен жасасқан келісімшарты ресми түрде күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтбаев “Челси” сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол Австралияда өткен Sydney Super Cup-2026 турнирінде “Вестерн Сидней Уондерерс” командасына қарсы алаңға шығып, лондондық клубтағы алғашқы голын соқты. Кейін бұл доп турнирдің “үздік голы” деп танылды.