Дариға Назарбаева жұмыссыз қалды...

Dalanews 13 қыр. 2016 09:54 304

Бүгін Президент Назарбаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



Ақорданың ресми сайты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үкіметтің құрамы туралы» жарлығын жариялады.




Аталған құжатқа сәйкес, министрлер өз орындарында қалды. Атап айтқанда, Ерлан Ыдырысов – ҚР Сыртқы істер министрі, Қалмұхамбет Қасымов – ҚР Ішкі істер министрі, Дәурен Абаев – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі, Елан Сағадиев – ҚР Білім және ғылым министрі, Тамара Дүйсенова – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Жеңіс Қасымбек – ҚР Инвестициялар және даму министрі, Бақыт Сұлтанов – ҚР Қаржы министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы – ҚР Мәдениет және спорт министрі, Қуандық Бишімбаев – ҚР Ұлттық экономика министрі, Қанат Бозымбаев – ҚР Эенергетика министрі. Жарлық бүгіннен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-министрі қызметіне қойылса, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының экс-басшысы Асқар Мамин Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бүгін қорғаныс министрі болған Иманғали Тасмағанбетов та Премьер-министрінің орынбасары қызметіне ауыстырылды. Оның орнына Сәкен Жасұзақов келді.

Көріп отырғаныңыздай, бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқарған Дариға Назарбаева Үкіметтің жаңа құрамында жоқ. Демек, дәл қазіргі уақытта ол жұмыссыз...

Дариға ханым қайда баруы мүмкін? Білетіндер оны бір облыстың әкімі болып келеді деген болжам айтуда. Нақты қай облыс екенін ақпарат нақтыланбай айта алмаймыз. Енді біреулер ол Сенатқа спикер болуы мүмкін екенін жеткізді. Сәл күтейік... Бүгін-ертең белгілі болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x