Дәрігерлерге күш қолданғандарға жаза қатаңдайды: мәжіліс заңды қабылдады

Көркем Алдабергенова 17 жел. 2025 11:29

Мәжіліс медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдату туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Тиісті заңды Мәжіліс қабылдады.

Құжатта мынадай нормалар қарастырылған:

  • Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілік белгілейтін жаңа бап енгізу;

  • Қылмыстың ауырлығына қарай жаза түрлерін айқындау: айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін;

  • Медицина қызметкерлеріне күш қолданамын деп қорқыту фактілері үшін бөлек қылмыстық жауапкершілік белгілеу және оған жеңілірек санкциялар қарастыру;

  • Қылмыстық-процестік кодексте осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізу құзыретін ішкі істер органдарына бекіту.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар