Өскемен шаһарының болашағы зор аудандарының бірінде кезекте тұрған көпбалалы, халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататындар, жетімдер баспаналы болды.
– Дәл осы жерде біз үнемі айтып отыратын стандарттар сақталған. Біз құрылыстың қалай дұрыс жүргізілгенін көріп отырмыз. Үй – бақыттың негізі! Дені сау және бақытты балалар осы керемет үйлерде өссін. Сіздерді құттықтаймын, қымбатты жерлестер! – деді Даниал Ахметов пәтер кілттерін тапсыру барысында.
"Нұрлы жол" шағын ауданындағы 9 қабатты екі тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша салынды. 144 пәтердің жалпы ауданы 9 741,36 м2 құрайды.
Шағын ауданда барлығы 43 көпқабатты үй салынады. Қажетті әлеуметтік инфрақұрылым жоспарланған.
Жыл соңына дейін 600 орындық мектеп, хоккей модулі салынып, балабақша құрылысы басталмақ. Аулаларда балалар мен спорт алаңдары пайда болмақ. – Мен бұл оқиғаны 8 жыл күттім, енді бүгінгі таңда біздің еліміз бен облыс басшылығына баспаналы болғандардың атынан алғысымды білдіргім келеді, – деді көпбалалы ана Елена Кухарева.
Үйлердің құрылысы 2020 жылдың көктемінде басталды. Мердігерлік ұйым "Service СМУ" ЖШС. Шарттар бойынша жалпы сома 2,2 млрд теңгеден асты. Бұл ретте республикалық бюджет қаражатынан 1,4 млрд теңге бөлінгені. Жергілікті бюджеттен субсидиялау – шамамен 866 млн теңгені құрайды.
Айта кетейік, төрт жылдың ішінде облыс орталығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан 857 кезекте тұрғандар жаңа пәтер алды, оның ішінде 321 көпбалалы отбасы, жетімдер қатарынан 208 жас, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 140 адам.
Ағымдағы жылы 190 млрд. теңгеге 952 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 350 мың шаршы метр пайдалануға берілмек. Оның ішінде ағымдағы жылдың 4 айы бойынша – 66 мың шаршы метр, өсімі 107% құрап отыр.