Қосшы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қосшы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының әкімдігінде кадрлық өзгеріс болды. Қала әкімінің орынбасары қызметіне Айнагүл Көңбайқызы тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Айнагүл Көңбайқызы бұған дейін Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімін басқарған. Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік мемлекеттік басқару саласында 20 жылдан астам еңбек еткен.

Айнагүл Көңбайқызы кім?

Айнагүл Көңбайқызы 1982 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бастаған.

2013-2017 жылдар аралығында Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Ал 2021 жылдан бастап Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.