ChatGPT суицидке итермеледі деген айыптаулар көбейіп келеді

Асель Қайратқызы 10 қар. 2025 10:04

Осы аптада АҚШ соттарына ChatGPT жасаушысына қарсы бірнеше талап-арыз түсті. Өзін-өзі өлтірген адамдардың туыстары оны «суицид бойынша жаттықтырушы» рөлін атқарды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

Жеті талапкер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу, абайсызда адам өлтіру, немқұрайлылық және өнім сапасына жауапкершілік бойынша айып тақты.

Жеті талапкердің әрқайсысы бастапқыда ChatGPT-ні «оқуға, зерттеуге, мәтін жазуға, аспаздыққа, жұмысқа немесе рухани бағыт-бағдар алуға жалпы көмек ретінде» пайдаланған.

OpenAI компаниясы бұл талап-арыздарға жауап беріп, мұны «өте жүрек тебірентерлік жағдай» деп атады.

«Біз ChatGPT-ті психикалық немесе эмоционалдық күйзеліс белгілерін тануға және оларға дұрыс жауап беруге, әңгімедегі шиеленісті азайтуға және адамдарды нақты көмекке жүгінуге бағыттауға үйретеміз», – деді ChatGPT жасаушысы OpenAI компаниясының өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар