Биткойнға бекітілген бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігі пайда болды

Dalanews 01 мам. 2022 13:46 1133

Қазақстандықтар үшін шектеусіз, салықсыз Биткойнға бекітілген бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігі пайда болды.

Қазақстандықтар жеке инвестицияларға арналған Tabys мобильді қосымшасында сұранысқа ие сандық валюта – Биткойн сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 28 сәуір күні бұл биржалық нота Tabys инвестициялар дүкеніне қосылды. Оның негізгі активі – ProShares Bitcoin Strategy ETF («BITO») акциясы. BITO – бағалы қағаздар Комиссиясы және АҚШ биржалары (SEC) тіркеген, Биткойн фьючерстарына салым салатын алғашқы және ең ірі қор.

Биткойн-ETN Tabys қосымшасына қосылуының құрметіне ұйымдастырылған салтанатты іс-шараны танымал қазақстандық «Барыс» хоккей клубының ойыншылары Никита Михайлис, Валерий Орехов және Антон Сагадеев жүргізді.

Биткойнға тікелей инвестиция салуға қарағанда, Tabys қосымшасының қолданушысы Биткойн фьючерстарының көрсеткіштеріне бекітілген құнды қағаздарға инвестициялауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ өз қорларын диверсификациялап, қосымшадағы әртүрлі биржалық ноталарға салым жасай алады.

Барлығы Tabys-та алтын, мұнай, S&P500 индексі, Nasdaq100, AIXQI сияқты он үш биржалық ноталар жинақталған.


Astana International Exchange  бастамасымен 2020 жылы жасалған Tabys мобильді қосымшасының негізгі міндеті – қазақстандықтар арасында құнды қағаздарға инвестициялаудың артықшылықтарын көрсету, ол үшін неғұрлым қолданысқа жеңіл құралды жасап шығарып, жеке инвесторлардың саны артуына ықпал ету.

Tabys философиясы – диверсификацияланған құнды қағаздар портфеліне салым салудың ұзақ мерзімді стратегиясы. Диверсификация дегеніміз әртүрлі құралдарға инвестициялауды білдіреді: бір қағаздың құны азайып бара жатса, екіншісі өседі де, шығынға батпауға септігін тигізеді. Енді Tabys қолданушылары портфельдеріне Биткойн бағалы қағазын қосуға мүмкіндік алды. Биткойнды портфельге қосу және оның үлесі инвестордың тәуекел профиліне байланысты.

Жалпы айтқанда, жаңа BITO ETF базалық активі бар Биткойн-ETN криптовалютаға инвестиция салудың үдерісін әлдеқайда жеңілдетеді. Қосышалар жүктеп, санды әмияндар ашып, биткойндарды «суық» әмиянда сақтаудың қажеті жоқ. Биткойн-ETN-ды бірнеше батырманың көмегімен-ақ Tabys қосымшасынан сатып алуға болады.

Биткойн мен биткойн құнды қағаздарына инвестиция салудың айырмашылығы неде?

Биткойнға инвестиция салу

  • Биткойнға салым салсаңыз, демек, криптовалюталар биржасында сатылатын жеке Биткойныңыз бар.

  • Жеке Биткойндарды саудалау кезінде әр транзакцияға 2-6% комиссия төлеуге мәжбүрсіз.

  • Биткойнға инвестиция салу үшін оны сақтауға арналған цифрлы әмияныңыз болуы керек. Оның құпиясөзін жоғалтуға мүлде болмайды. Клиентті қолдау жүйесі не құпиясөзді жаңарту мүмкіндігі жоқ.


Биткойн-ETN-ға инвестиция салу

  • Биткойн фьючерстерінің көрсеткіштеріне бекітілген биржалық ноталарға инвестиция салу сіз жеке биткойн алмайсыз дегенді білдіреді. Оның орнына Биткойн фьючерстерінің бағасын қадағалайтын және AIX сияқты дәстүрлі биржада саудаланатын қорға саласыз.

  • Биткойн-ETN-ға салым салу үшін цифрлы әмиян қажет емес.

  • Tabys қосымшасындағы Биткойн-ETN ProShares Bitcoin Strategy ETF жол ашады. Ол АҚШ-та өтемділігі 1 млрд АҚШ долларынан асатын BITO тикерінде саудаланады (https://www.proshares.com/our-etfs/strategic/bito).


 

Қосымша ақпарат

Astana International Exchange «Астана» Халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында 2017 жылы құрылған халықаралық деңгейдегі биржа. AIX акционерлері – АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы Қоры және AIX биржасына сауда платформасын ұсынатын NASDAQ. Биржа өз қызметін ағылшын құқығы принципіне негізделген нормативті-құқықтық орта негізінде жүзеге асырады. Инвестициялық қызмет жүргізуге ең сенімді жағдай жасалған. AIX миссиясы – Орталық Азия және оның төңірегінде сенімді, өтімді капитал нарықтарын дамыту, бизнес пен инвесторлар үшін инновациялық өнімдер жасап шығару.

 

*Tabys инвесторлары АХҚО туралы Конституциялық заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы табыс салығынан босатылған.

ҚР және АХҚО заңнамасында бекітілген криптовалюта айналымына шектеу қойылмайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар