Биотехнолог маман: «Спутник V» вакцинасынна қатасты дәлелі жоқ бос сөздерге сенбеңіздер»

Dalanews 19 мау. 2021 13:55 1094

Молекулалық биолог, биотехнолог, биология ғылымдарының кандидаты Ілияс Есмағамбетов КВИ-ге қарсы «Спутник V» вакцинасын жасаған ғалымдар тобында жұмыс істеді.  Ол дәрінің ерекшеліктері мен тиімділігі туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, вакцина жасау әдісі 20 жылдан астам уақыттан бері бар. Тек алдын ала тәжірибе мен технологиялық схемалардың арқасында қысқа мерзімде дайын болды. І. Есмағамбетов «Спутник V» жасаумен айналысатын командада дәрі өндірудің технологиялық схемасын пысықтаумен айналысты.

– Шынында, өндірістік схемаларды іске қосу алғашқы кезеңде қиын болды. Себебі көптеген алаңдарда бұған дейін көлемді өндіріс тәжірибесі болды. Өкініштісі, Гамалея институтында жаппай вакцинаға арналған препаратты шығарудағы алғаш рет жүзеге асырды. Сондықтан белгілі бір қиындықтар туындады, – дейді ғалым.

«Спутник V» вакцинасын халықаралық тану кезінде, ДДҰ-ны мойындаудағы қиындықтардың себептері туралы сұраққа жауап берген Ілияс Есмағамбетов ДДҰ-ның өзінің заңдары мен реттеушісі бар екенін айтты.  Олар оны сақтауға міндетті және белгілі бір препаратты осы ұйым тануы үшін тексерулерден, бірқатар сараптама мен реттеуші әдістерден өтуі керек. Бұл өте ұзақ процесс.

Сарапшының айтуынша, ДДҰ өз сарапшыларымен бірге келіп, клиникалық зерттеулердің барлық мәліметтерін толық қарап, осы вакцинаны шығаратын барлық сайттарды бағалауы керек. Олар еуропалық стандарттарға, сапаға сәйкес болуы үшін ДДҰ сарапшылары есеп береді. Содан кейін шешім қабылдауға жауапты адамдар оларды зерттеп, барлық осы тармақтар мен стандарттарға сәйкес келе ме, жоқ па, соны шешеді. Бұл өте күрделі процесс.

– Еуропада вакцина өндірушілері жүйені еуропалық стандарттарға сәйкес жасады. Тиісінше, ресейлік стандарттар әлемдік стандарттардан өзгеше болуы мүмкін. Барлығын, соның ішінде клиникалық зерттеулердің хаттамалары, барлық өндірістік ережелерді ағылшын тіліне аудару керек. Бұл біраз уақытты алады. Қытайда әлемдік нарыққа шығуға алдын ала дайындық болды. Мүмкін Ресей үшін вакцина осындай деңгейге жеткен кездегі алғашқы тәжірибе. Әрине, мұндай бюрократиялық рәсімдер туындауы мүмкін, – дейді ғалым.

Ілияс Есмағамбетов вакцина жайлы қоғамда айтылып жатқан қауесеттер мен аңыздарға тоқтала келе, бұл күрделі мәселе екенін айтты. Интернетте вакцина туралы түсініксіз бейнелер бар. Олар вакцина туралы жалған ақпарат жариялайды. Кейбір ғылыми дәрежесі мен атағы бар адамдар вакцинадан кейін адамның генетикалық түрленуіне алып келетінін айтады.  Бұл дәлелі жоқ бос сөздер.

Ғалым Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасын ресейлік спутниктен өзгеше ме деген сұраққа жауап берді.

– Дәрінің барлық партиялары, өндіріс орнына қарамастан, бізге Гамалея институтына бақылауға келеді. Параметрлердің бір бөлігін тікелей өзім бақылаймын, соның ішінде Қарағанды фармацевтикалық кешенінің партиялары бірнеше рет тексерілді. Сондықтан Ресей мен Қазақстанда өндірілген препарат сапасында айырмашылық жоқ. Сондай-ақ барлық бастапқы материалдар Гамалея институтымен барлық өндірістік орындарға жеткізіледі, – деп айтты І. Есмағамбетов.

КВИ-ға қарсы қазақстандық вакцинаға келетін болсақ, биотехнолог біздің препаратты жасаушылар жақсы нәтиже көрсеткеніне сенімді.

– Менің ойымша, бұл жерде клиникалық зерттеулердің деректеріне назар аудару керек. Барлығын толығырақ зерттеңіз. Бірақ Қазақстанда сапалы аналогты жасай алғанымызға күмәнім жоқ, – дейді І.Есмағамбетов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар