"Билл Гейтс пе, Илон Маск па?" Депутат жер сілкінісін кім хабарлауы керек екенін сұрады

Dalanews 24 қаң. 2024 07:20 4799

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Алматыдағы жер сілкінісі кезінде ескерту жасалмағанына наразылық білдірді. Мәжілісмен қауіп төнген жағдайда қазақстандықтарға оны кім ескертуі керек екенін сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Пономарев Алматыдағы жер сілкінісі Қазақстанда азаматтарды хабардар ету жүйесінде кемшілік барын көрсеткенін мәлімдеді. Есесіне Google Android арқылы алматылықтарға қауіпті хабарлап үлгерген.

"Алматыда күшті дүмпу болғанын білесіздер, ол Қырғызстанда, Өзбекстанда және Қазақстанда да сезілді. ...Біз әлемдік қызметтерден ақпарат алдық, алайда біздің ТЖМ мен ұлттық операторлардан ақпарат ала алмадық. Осы тұста мынадай ақылға қонымды сұрақ туындайды: төтенше жағдайда бізді кім ойлауы керек? Билл Гейтс пе, Илон Маск па? Біздің ескерту жүйемізге не болған, неге байланыс арналары іске қосылмады?" - деген сұрақ қойды Пономарев.


Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, Қазақстанда "жедел хабарлау" түсінігін енгізу қажет.

"Иә, шынында да, ақау болды. Бұған кім кінәлі екені қазір тексеріліп жатыр деп ойлаймын. Менің ойымша, бір жерде ақпарат көзі оны уақытында жібермеген, бір жерде ескерту жүйесі жұмыс істемеген шығар. Бүгінде қолданыстағы заңда байланыс операторларының қысқа хабарламалар жіберу жөніндегі міндеттемесі бар. Бірақ қысқа хабарламаларда уақыт бойынша ешқандай шектеу жоқ. Олар күні бойы жіберілуі мүмкін. Сондықтан жедел хабар алмасу ұғымын қайта қарау және енгізу қажет екенін көріп отырмыз. Яғни, төтенше жағдайлар кезінде олар қысқа әрі жедел болуы керек және бір уақытта барлық қолданушыға жіберілуі қажет", - деді Смышляева.

Cурет: Gonzalo Fuentes/File Photo, Reuters, stopfake.kz

Коллаж: Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар