Биыл Оңтүстікте 134 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді

Dalanews 27 жел. 2017 10:43 805

2018 жылы облыстық құрылыс және аудан/қала әкімдіктері тапсырысшы болып табылатын 233 инвестициялық жобаның іске асырылуына  66,2 млрд. теңге қаралған. Бүгінде аталған нысандардың   115-і тапсырылса, 118 нысан келер жылға өтпелі. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары хабарлайды.

Құрылыс басқармасы бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын нысандар жайын тарқатып айтсақ.

Мәселен, әлеуметтік сала бойынша өңірде 134 нысан құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 82-сі жаңа  білім беру ұйымдары болса, 39 денсаулық сақтау, 7-уі мәдениет және спорт,  өзгеде 6 нысан құрылысы.

Сала мамандарының айтуынша, жоғарыда аталған білім ошақтарының 79-ы жаңа мектеп, ал қалған 3-уі кәсіптік білім беру ұйымдары. Осы нысандардың 27-нің құрылысы өткен  жылы басталған екен.

Құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен республикалық, облыстық бюджет қаржысынан жүргізілген білім нысандарының 32-сі биыл ел игілігіне берілсе, қалған 50 білім беру ғимараты келер жылы тапсырлады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыста денсаулық сақтау саласында 39 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 34 нысан пайдалануға берілді. Қалған 4 емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория құрылысы  2018 жылға өтпелі.

Ал, мәдениет саласында 4 нысан  құрылысы жүргізіліп, Сарыағаш пен Бәйдібек ауданында мәдениет ошақтары тапсырылса, қалған екі нысан құрылысы келер жылы ел игілігіне ұсынылады. Сондай-ақ, спорт  саласында облыстық бюджеттен салынған үш нысан құрылысы келер жылы тапсырлады.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласындағы Қарашық өзеніндегі кіші су қойманың құрылысы берілсе, Отырар ауданындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру мен Шымкент қаласының бұрыңғы қоқыс полигоны аумағында саябақ салу, Түркістан қаласы мұрағат ғимараты мен ішкі  істер органдар объектісінің құрылысы жүргізіліп, келер жылы тапсырлады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы 18,4 га жер теліміндегі қоқыс қалдықтарын тастау орнын рекультивациялау арқылы қайта құру құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қорыта айтқанда биылғы жылы облыста  32 мектеп пен 34 денсаулық сақтау нысаны, 2 мәдениет үйі мен өзгеде 2 нысан пайдалануға берілді.



 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар