"Бас прокуратура азаптау дерегі бойынша осы адамға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. 2024 жылғы 11 қаңтарда Алматының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты К.Ж. Жұмабековке қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ, осы іске қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп жазылған Бас прокуратураның ҚазТАГ редакциясына берген жауабында.
9 қаңтарда басылымдарда Жұмабеков "Қорғас ісі" бойынша ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл кезде Жұмабеков осы іске "тікелей қатысушы және орындаушы" екені айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін де Қожамжаровтың қол астындағылардың бірі, қаржы полициясының бұрынғы қызметкері, азаптау дерегіне қатысты айып тағылған Ұлан Мәдиев ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Сол кезде "Қорғас ісі" жалғасып жатқаны айқындалды.