Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 2 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алаяқ Петропавл қаласының 59 жастағы тұрғынына бұрынғы жұмыс орнынан хабарласқандай болып, өзін кадр бөлімінің заңгері ретінде таныстырған. Ол әйелдің жеке құжаттарын алып кеткенін айтып, мән-жайды анықтау үшін басқа "заңгердің" байланыс нөмірін жолдаған.
Кейін өзін құқық қорғау органының қызметкері және банк менеджері ретінде таныстырған адамдар хабарласып, әңгіме барысында оның банк аккаунтын бұзуға әрекет жасалып жатқанын айтып, қаражатты сақтау мақсатында ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажет екенін жеткізген.
Әйел алаяқтардың нұсқауын орындап, 2 миллион теңгеден аса жинағын аударып жіберген.
Интернет алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.
