Бурабайды қылмыстық бақылауда ұстамақ болғандар ұсталды

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2024 11:19 3148

"Бурабайды" қылмыстық бақылауда ұстамақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстаған.

Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік "заңдағы ұрылар" деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша "Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан.

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар