Зақымданған Kaspi.kz бөлімшелері уақытша жабылған.
– Полиция бүлінген ғимараттарда ешнәрсеге тиіспеуді сұрады. Ол жерден саусақ іздері алынып, оқиға орны тексеріледі. Сондықтан бүлінген құрылғыларды әлі алған жоқпыз. Тергеу аяқталғаннан кейін бірден жөндеу жұмыстарын бастаймыз, – делінген банк хабарламасында.
Бұл ретте банк қанша банкомат бүлінгенін нақты айта алмады. Қазақстан бойынша 1 990 банкомат бар, оның 1 435-іне байланыс бар.
– 435 банкоматты адамдар қолданып, қолма-қол ақша ала алады. Қалған 555 банкомат жабық ғиамарт ішінде, әлі ашылмаған бөлімшелерде тұрған банкоматтар. Сондықтан, олар әзірше есепке алынбаған. Қазіргі мақсат техникалық және физикалық мүмкіндігі бар банкоматтарды толтыру. Бұл - маңызды, – деді банк өкілі.
10 қаңтарда интернет желісі іске қосылған, инкассация жұмысына кедергі жоқ жекелеген қалаларда Kaspi.kz бөлімшелері ашылды. Барлығы 10 қалада 22 бөлімше жұмыс жасап тұр:
Нұр-Сұлтан – 4,
Көкшетау – 1,
Петропавл – 2,
Орал – 2,
Құлсары – 2,
Қостанай – 3,
Қарағанды – 3,
Жезказған – 2,
Сәтбаев – 1,
Атырау – 3.
Бөлімшелер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ондағы ақша айырбастау орындары уақытша жабық. Алматыда жағдай тұрақталғанға дейін бөлімшелер жабық болады.