KASE-де - Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 520,48 теңге болып, 1,98 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 сәуірдегі 1 АҚШ доллар үшін белгілеген ресми бағамы - 518, 57 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ долларын сатып алу бойынша орташа бағамы 518,73 теңгеге, сату бағамы 521,16 теңгеге тең.
Ал Астанада америкалық валютаны орта есеппен 518,64 теңгеден сатып алып, 522,98 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетсек, 2025 жылы 7 сәуірде теңге қатты құнсызданды. Баға 504-тен 517-ге көтерілді. Бұған мұнай бағасының арзандауы түрткі екені айтылды. Сондай-ақ қаржы саласының сарапшы Арман Бейсембаев мұнай нарығындағы жағдай жақын күндері түзелмесе, осы аптада 1 АҚШ долларының құны 530 теңгеге баруы мүмкін екенін болжады. Ал Brent мұнайының бір баррелі бүгін 2021 жылдың 8 ақпанында тіркелген ең төменгі шек - 59,8 долларға дейін тағы төмендеді.