Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бұған Иран мен Оман арасындағы келіссөздерде ілгерілеудің байқалғаны себеп болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгінгі сауда барысында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері Лондондағы ICE Futures биржасында барреліне 79,1 долларға дейін төмендеді. Бұл алдыңғы сауда сессиясының жабылу бағасымен салыстырғанда 0,35 долларға (0,44%) аз.
Ал Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 0,48 долларға (0,64%) арзандап, барреліне 74,74 долларды құрады.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының төмендеуіне Иран мен Оман арасындағы келіссөздердің оң бағытта өрбуі әсер етіп отыр.