БҚО-да «STUD Премия – 2025» фестивалі өтті

Ақтоты Жапатова 03 мам. 2025 13:01 403

Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жастар Рухы» корпоративтік қоры» қорының ұйымдастыруымен Оралда «STUD Премия – 2025» фестивалі өткізілді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Фестивальдің мақсаты – өңір жастарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға қолдау көрсету, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жастар арасындағы қоғамдық маңызға ие бастамаларды ынталандыру.

Фестиваль аясында "Ең жасы үлкен студент", "Ең алыстан келіп оқитын студент", "Ең арзан буфет", "Блогер студент", "Ең бай студент", "Ең порожняк студент", "Ең қызық оқиға", "Әскерден келген студент", "Дипломы бар студент" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталып, премия тапсырылды.

Фестиваль қорытындысында Жанбота Ешимова (М.Өтемісов атындағы БҚУ), Мирас Қоблан (М.Өтемісов атындағы БҚУ), Мағжан Ғазезов (М.Өтемісов атындағы БҚУ), Гүлнұр Құлжанова (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), Нұрасыл Бердібек (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), Қанат Досмағамбетов (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), Эльмира Тургалиева (КазИИТУ), Аяжан Есмұратова (КазИИТУ), Данагүл Төлекбаева (БҚИТУ)' Нәзік Ғазез (БҚИТУ) облыс әкімі Н.Төреғалиевтің атынан алғысхаттарға ие болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар