Францияда норовирус тарады: 1700-ден астам адам круиз кемесінде оқшауланды

Францияда норовирус тарады: 1700-ден астам адам круиз кемесінде оқшауланды
pixabay.com

Францияның Бордо қаласында «Ambition» круиз лайнеріндегі 1700-ден астам жолаушы мен экипаж мүшесі оқшауланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған бортта норовирус тарады деген күдік себеп болды.

Француз билігінің мәліметінше, кемеде 1233 жолаушы бар. Олардың басым бөлігі Ұлыбритания мен Ирландия азаматтары.

Қазіргі уақытта шамамен 50 адамнан асқазан ішек инфекциясының белгілері анықталған. Науқастарда құсу, жүрек айну және іш өту белгілері байқалған.

Норовирус өте жұқпалы вирус саналады. Ол көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдап, бірнеше күнге созылатын ауыр жағдай туғызады. Дәрігерлердің айтуынша, көп жағдайда ауру 1-3 күн ішінде өздігінен өтеді.

Франция билігі қауіптің таралуын болдырмау үшін лайнердегі барлық адамға уақытша жағаға шығуға тыйым салды.

Қазір кемеде тексеріс пен зертханалық сараптамалар жүргізіліп жатыр.