Қазақстан жоғары оқу орындарындағы студенттік жатақханаларда 2024–2025 оқу жылына арналған орын тапшылығы 10 мыңнан асты. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тлеген Каскин мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, кадр даярлау саласына жүргізілген аудит нәтижесінде университеттердің инфрақұрылымы мен ішкі басқару жүйесін жүйелі түрде күшейту қажет екені анықталған.
"2024–2025 оқу жылына арналған жатақхана орындарының тапшылығы 10 мыңнан астам орын болды. Ал министрлік пен оператор ұсынған деректер арасындағы айырмашылық 31 мың орыннан асты. Тұрғын үймен қамту деңгейі бұрынғы 70 пайыздық межеден төмен. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бұл көрсеткіш 51,7 пайыз болса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 56,7 пайыз", – деді Тлеген Каскин.
