Қазақстанда ЖИ арқылы түсірілген фильмдердің фестивалі өтеді

Қазақстанда ЖИ арқылы түсірілген фильмдердің фестивалі өтеді
Dalanews

Қазақстанда жасанды интеллект технологиялары арқылы түсірілген фильмдерге арналған халықаралық фестиваль ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ауқымды іс-шара 2026 жылдың күзінде өтеді деп жоспарланып отыр. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен креаторларды, сарапшыларды және технологиялық компания өкілдерін бір алаңға жинайды.

Фестиваль тек кино көрсетілімдерімен шектелмей, жасанды интеллект индустриясын дамытуға, сондай-ақ жаңа форматтағы контентті кеңінен насихаттауға бағытталады.

Жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бағдарламаға қысқаметражды фильмдер байқауы, конференциялар, арнайы көрсетілімдер және халықаралық сарапшылар қатысатын кәсіби пікірталастар енгізілген.