Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында эстониялық танымал слэклайнер Ян Розе әйгілі "Қос азу" жартасының арасын жалғаған аспалы арқанмен жүріп өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Табиғаты ерекше мекенде түсірілген видеода спортшы жүздеген метр биіктікте тепе-теңдігін сақтап қана қоймай, бірнеше акробатикалық қимыл да көрсеткен. Оның батылдығы мен шеберлігі көпшілікті таңғалдырды.
Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған кадрлар қолданушылардың қызу талқысына түсіп, мыңдаған қаралым жинап жатыр. Көпшілік Ян Розенің өнерін жоғары бағалап қана қоймай Бозжыраның таңғажайып табиғатына да ерекше назар аударды.