“Борышкер блогерлерге” жіберілген хабарламалар кері қайтарылып жатыр — МКК себебін түсіндірді

Қаракөз Амантай 21 ақп. 2025 15:57 679

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге жіберілген хабарламалардың кері қайтарылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылы 19 ақпанда блогерлерге бұрын жіберілген хабарламалардың бір бөлігі кері қайтарылған.

“Жалпы сомасы 53,3 млрд теңгені құрайтын 1 014 хабарлама 594 блогерге жолданған болатын. Алайда олардың ішінде 9,8 млрд теңгеге қатысты 169 хабарлама (93 блогерге жіберілген) кері қайтарылды. Бұл техникалық ақаулардың салдарынан туындаған қателіктерге байланысты”, – деп хабарлады комитет өкілдері.

Сонымен қатар мемлекеттік орган жойылған техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарылған хабарламаларды қайта қалыптастыру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық блогерлерге қатысты салықтық тексерулердің не себепті басталғанын Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) түсіндірген еді.МКК жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынованың TengriTV YouTube арнасына берген сұхбатында айтуынша, салық органдарына қазақстандықтардан бірнеше шағым түскен.

«Бұл жұмысты көптеген азаматтардың шағымдары негізінде бастадық. Бізге азаматтардан блогерлердің сән-салтанатқа толы өмір сүретіні, алайда салық төлемейтіні туралы өтініштер келіп түсті. «Оларды тексеріңіздер, олар қымбат көліктерде жүреді, элиталық пәтерлерде тұрады, зәулім үйлер сатып алады» деген сұрақтар туындады. Әрине, халық олардың қанша салық төлейтінін білгісі келеді», – деді Дина Құсайынова.

Оның айтуынша, блогерлерге салықтық хабарламалар 2025 жылдың ақпанында жіберілген және ол 2022-2023 жылдарға жүргізілген талдауға негізделген.

«Ол уақытта блогерлер табыс тауып отырды. Кейбіреулері салық декларациясын тапсырса, кейбіреулері мүлде тапсырмаған. Ал кейбір блогерлер кірістерін «нөл» деп көрсеткен. Сондықтан біз талдау жүргізіп, сәйкессіздіктерді анықтадық», – деп түсіндірді МКК өкілі.

Көптеген блогерлер жинаған қаражаттарының қайырымдылыққа, туған күндерге немесе жақындарына аударылғанын алға тартқан. Бұл мәселе бойынша Дина Құсайынова нақты түсініктеме берді.

«Қайырымдылық туралы заң бар. Қайырымдылық көмек ретінде алынған қаражат туралы уәкілетті органдарға есеп беру керек. Қашан, кімнен, қандай сома алынғаны көрсетілуі тиіс. Егер осындай есептер ұсынылса, олар міндетті түрде ескеріледі.

Сонымен қатар, басқа да кіріс түрлері бар. «Қайырымдылық көмек», «демеушілік көмек» деген ұғымдар бар. Мұның бәрі де кіріс ретінде қаралып, салық кодексіне сәйкес реттелуі тиіс. Егер бұл бұрын жасалмаса, блогерлер қосымша салық декларациясын тапсырып, барлық кірістерін көрсетуіне болады. Олардың хабарламаға жауап беруіне 30 жұмыс күні, яғни шамамен 1,5 ай уақыты бар»*, – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Қазақстандық блогерлердің кейбірі бұл салықтық тексерулерді «көрсетілген қысым» деп атаған еді. Бұған жауап ретінде Дина Құсайынова тексерулердің мақсаты жазалау емес, мемлекеттік бюджетті толықтыру екенін атап өтті.

«Бұл сөз тым өрескел естіледі. Жалпы, біздің басты міндетіміз – мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті арттыру және барлық жеке тұлғалардың салық төлеуін қамтамасыз ету. Біз үшін адам блогер ме, журналист пе, кәсіпкер ме – маңызды емес. Барлығы заңға сәйкес салық төлеуге міндетті», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол бұл тексерулер «жоғарыдан түскен тапсырма» деген пікірлерге жауап берді.

«Хабарламалар тек ақпанда ғана жіберілген жоқ. Бұған дейін де осындай ескертулер болған. Кейбір блогерлер үнсіз қосымша декларация тапсырды және салықтарын төледі. Ал кейбіреулері әлеуметтік желіде бұл процесті дұрыс емес деп есептейтінін айтып жатыр. Егер бір нәрсеге келіспесе, бізге дәлелдерімен бірге түсініктеме ұсынсын. Барлық кірістерін нақтылап, салық органына қажетті ақпарат берсін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар