Бомбалаудан аман қалған бала Сириядағы соғыс бейнесіне айналды

Dalanews 19 там. 2016 08:04 727



Алеппо қаласын әуеден бомбалаудан аман қалған баланың суреті баспасөз бен әлеуметтік желілерге тез тарап кетті. Ол Сириядағы соғыстың бейнесіне айналды.






Осы суретті түсірген журналист әуе соққысынан сегіз адам өлгенін, олардың бесеуі - бала екенін хабарлады. Сириялық адам құқығының сақталуын бақылаушы орталықтың мәлімдеуінше, соққыны президент Башар Асад әскерінің ұшақтары жасаған.

Тамыздың басында Біріккен Ұлттар Ұйымы сириялық Алеппо қаласы гуманитарлық апатқа жақын қалғанын ескерткен еді. Әуе соққылары толастамай тұрған қалада су және электр желілері толығымен істен шықты. Аптап ыстықта сусыз қалған Алеппода әсіресе балалардың денсаулығына үлкен қауіп төніп тұр, деп мәлімдеді БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ).

Сириядағы азаптаулар есебін тіркеу орталығының хабарлауынша, азаматтық соғыс елде 14 мыңнан астам кәмелет жасқа толмаған адамның өмірін қиды. Сириялық жанжал басталғалы бері елде 280 мыңнан астам адам өлді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар