Болат Ақшолақов Kazenergy басшылығына қайта оралды

Кәмшат Тілеухан 14 ақп. 2025 15:19 1751

Бүгін, 14 ақпанда KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен тыс жиналыс өтіп, жаңа төраға сайланды. Іс-шараға қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың басшылары қатысты, деп жазады Dalanews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлап, бұл лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.
 
"Болат Оралұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялардағы басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ ол ҚР Энергетика министрі және Мемлекет басшысының кеңесшісі сияқты жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сонымен қатар, Болат Оралұлы біздің қауымдастықты екі рет Бас директор ретінде басқарды және оның есімі кәсіби ортада кеңінен танымал", – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
 
Болат Ақшолақовтың кандидатурасын KAZENERGY қауымдастығына мүше барлық компаниялар бірауыздан қолдады. Жиналысқа қатысушылар Мағзұм Мырзағалиевке еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.
 
Бұған дейін сайтымызда Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиевтың Болат Ақшолақовтың орнын басып, ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалғанын жазғанбыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар