Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері өз отставкасы туралы сауалға жауап берді

Dalanews 06 там. 2021 07:11 899

Қазақстан ұлттық құрамасының бокстан бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев өзінің отставкасын жоққа шығармайтынын, бірақ соңғы шешім Олимпиада ойындары аяқталған соң қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас бапкерге мынандай сұрақ қойылды: Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы нәтижелеріне байланысты өз еркімен қазіргі қызметіңізден кету ойыңызда бар ма?

Әрине, мұндай ой болуы мүмкін. Басшылар бәрін талқылап, шешім қабылдайды. Мұны басшылық шешеді, бірақ мен дәл қазір сіздің сұрағыңызға жауап бере алмаймын, - деді Кенжебаев.

Өз кезегінде бокстан Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кешегі шаршы алаңдағы ойында жеңілмегенін айтты.

Мен бар күшімді салдым. Жеңілдім деп ойламаймын, бірақ төрешілердің шешімі сондай болды. Үйге оралған бойда жаттықтырушыммен бірге қателіктерді талдаймыз, әрі қарай жаттығамыз, басқа старттарда бұл қателіктерді қайталамауға тырысамыз, - деп уәде етті Сәкен Бибосынов.

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің айтуынша, Қазақстан боксшыларының ішінде Сәкеннің нәтижесіне жақсы болды, ал ұлттық құраманың қалған барлық мүшелері көңілді қалдырды.


Бәрінен де Сәкен Бибосыновқа риза болдым. Керемет айқас болды, ол жеңіске жету үшін барын салды. Бірақ одан кейін көңіл қалды. 69 келіге дейін және одан кейінгілерде көп жүлдеге ие боламыз деген үміт болған. Әсіресе бұған дейін халықаралық аренада нәтижеге қол жеткізіп жүргендерді айтамын. Бүкіл құрама еңсемізді түсірді, тек Сәкен ғана қуантты, - деді Сәпиев.

Оның айтуынша, қазір біздің спортшыларға қолдау көрсету қажет, өйткені әлі алда балуандар мен каратэшілердің өнері бар. Дегенмен, ол үйге оралғанда қателер бойынша жұмыс міндетті түрде жүргізілетініне сендірді.

Қателіктер бойынша міндетті түрде жұмыс жүргізілетін болады. Жаттықтырушылар кеңесі қателермен жұмыс жасайды ... Ойыннан кейін жаттықтырушылардың біліктілігі мен жаттықтырушыларды ауыстыру мәселесі қаралады. Осыған байланысты біз қателермен жұмыс жасаймыз. Олимпиададан кейін біз міндетті түрде кеңейтілген отырыс өткіземіз, онда кемшіліктер болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз, - деп сендірді Сәпиев

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар