Боксшы Санжар Тәшкенбай нокдаунға түсіп, Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Сағыныш Сардарова 04 сәу. 2026 11:00

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.

Үшінші раундта отандасымыз нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті. 

Сондай-ақ, 4 сәуірде Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove