Блогер Ахметжан Есімов пен Қайрат Нұртастың арасындағы жасырын әңгімені жайып салды

Көркем Алдабергенова 19 жел. 2024 11:03 4742

Белгілі блогер, PR маман Әлішер Елікбаев әнші Қайрат Нұртасқа қатысты ел естімеген әңгімені баяндап берді. Оқиға әншінің Алматыдағы концертіндегі шулы жайтпен байланысты болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"2013 жылы Айсұлтан Назарбаевтың тойы болып жатқанда Қайрат Нұртастың Прайм-плазадағы шуы басталған еді. Достық даңғылының жоғары жағында үйлену тойы болып жатты. Қаланың төменгі көшесінде әншінің концерті жанжалға ұласты. Сол кезде алматылықтардың бірінші сұрағы: «Қайрат Нұртас деген кім?!» болды. Көбі танымайды екен. Ол кезде мен журналист болып жұмыс істеймін. Қайратты редакцияға шақырып, орысша сұхбат алайық дедім. Бірақ ол келіспей, қазақша беремін деді. Анасымен де сөйлестік. Ақыры қазақша сұхбат беріп, оны біз орысшаға аудардық. Мықты әнші екеніне көзім жетті. Орыстілді орта ғана Қайрат Нұртасты онша танымайды екен. Шығармашылық жолына кедергі көп болды", – деді Елікбаев "Айқап" подкастында. 

Бұл аздай, Алматы қаласының сол кездегі әкімі Ахметжан Есімов Қайрат Нұртастың концерттерін өткізуге тыйым салғанын да жайып салды.  

"Сен Алматыда концерт бермейсің, сенің кім екеніңді танымаймыз" деп Ахметжан Есімов Қайрат Нұртасқа ашуланды. Енді концерт бермейді деп эмоцианалды шешім шығарды. Өйткені жоғары жақтағы той қатар өтіп жатқан еді. Бірақ сұхбаттың орысша нұсқасын оқығаннан кейін халықтың Қайратты қалай жақсы көретініне көзі жетті. Жалпы, Есімов әншінің шығармашылығына тосқауыл болғаны жасырын емес", – деп жазды sn.kz.

Айта кетейік, Ахметжан Есімов 2008 жылы 4 сәуірде Алматының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін қаланы Иманғали Тасмағамбетов басқарған. Есімов 7 жыл - 2015 жылға дейін оңтүстік Астананы басқарған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар