Өткеннен қалған ой мен іс-қимыл әдетінен арылуымыз керек
Бұл сұрақтар неге туады? Мұның себептері көп. Біреу болып жатқан өзгерістердің мәнін әлі анық түсінбеген сыңайлы. Енді біреу қалыптасқан жағдайдың күрделілігін толық ұғына бермейді, яғни сенімсіз.
Енді біреу өзінің жан самарқаулығы мен тыныштығынан айырылғысы келмейді, өзінің де, өзгелердің күшіне сене қоймайды, өзінің іс-қимылы үшін жауапкершілік жүгін көтеру дағдысы жоқ.
Бұрынғы керітартпа әдеттердің салмағын, осы қысқа кезеңде шоғырланған жаңа көзқарастардың күрделілігін, әдеттен тыс екенін ескерсек, түсінуге болады.
Жаңару кезінде жаңа дәнді қауызынан айырып ала білу қажет. Осының бәрі – қалыпты табиғи нәрселер.
Өміріміздің барлық мәселелері бойынша қоғамда болып жатқан пікірталастар заңды. Ол жүріп жатыр, алдағы уақытта да жүре береді. Оның қоғамдық дамуға игі ықпалы барған сайын айқындала түсетіні анық.
Жаңа көзқарас, жаңалықтың дүниеге келуі қашан да оған деген көзқарасты және осы жаңалық жөніндегі пікірлерді шиеленістіреді, ол да заңдылық.
Бүгінгі жағдайда нағыз пікірталастың, шын көзқарастар жөніндегі шынайы алаңдатушылықтың, ең жақсы жауаптар мен шешімдерді іздестірудің қалай қайда жүріп жатқанын дәл ажырата білу маңызды.
Жаңаруға керітартпа қарсылық – өткеннен қалған ой мен іс-қимыл әдетінің, дағдысының салмағынан арылуымыз керек.
Бөтеннің есебінен өмір сүріп әдеттенгендердің және бұл әдеттен арылғысы келмейтіндердің өзімшіл мүдделерінен арылмайынша еліміз жаңарып, Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес.
Жаңару әлдебір нәрсені "жоқтап" қана қоймайды, ол сонымен бірге әлдебір нәрсеге қарсы шығады да.
Олардың қарсылығы біздің жақсырақ, кіршіксіз, мазмұндырақ өмір сүруімізге, тезірек ілгері басуымызға, жаңа жолда болмай қоймайтын қателіктер мен ағаттықтарға неғұрлым азырақ құн төлеуімізге бөгет жасайды.
Сондықтан қазіргі жағдайда нағыз пікірталастың, шын көзқарас (проблемалар) жөніндегі шынайы алаңдатушылықтың, ең жақсы жауаптар мен шешімдерді іздестірудің қайда қалай жүріп жатқанын дәл ажырата білуіміз керек.
Тарихымыздың жанға бататын мәселелерін атаусыз қалдыру – шындықты елемеу, заңсыздық пен озбырлықтың жазықсыз құрбаны болған есімін құрметтеу, баға беру. Шындық біреу. Толық айқындық, дәлдік пен дәйектілік, болашаққа адамгершілік тұрғысынан бағдар керек бізге. Осы арқылы әділдікке бас ииеміз.
Жаңа Қазақстанға жалтақтық жараспайды
Жастарға сенім арту. Жастардың сана-сезіміндегі қазіргі "қиғаштықтар" –бүгін туған дерттің нышандары емес. Оның түп-тамыры өткенде жатыр. Ол – біз жастарды көп жылдар бойы ұстап келген "диетаның", мінбеден айтылған сөз бен күнделікті өмірде болып жатқан нәрселердің арасындағы сәйкессіздіктің салдары.
Бүгінгі таңда эфир ашық, тыйым салынған тақырып жоқ сияқты.
Дау, пікірталас, айтыс, әрине, керек. Олар бізді алда да күтіп тұр. Алда өткеннің "миналары" жарылғыш заттарындай көмілген үйінділер де көп.
Оларды бәріміз бір кісідей жұмылып тазартуымыз керек. Бізге жаңаруды ілгері бастыруға көмектесетін, жаңғыру төңірегіне топтастыруға жеткізетін таластар керек.
Тек бір-бірімізді күйелемейік, күйеден арылу қиын, тектіліктен аспайық.
Жанға бататын мәселелерді атаусыз қалдыру, шындықты елемеу, заңсыздық пен озбырлықты болдырмау маңызды.
Шындық біреу – толық айқындық, дәлдік пен дәйектілік, болашаққа адамгершілік бағдар беру.
Ашынба қызбалыққа салынып, дау үстінде кейде саяси мәдениет бір-бірін тыңдай білу, қоғамдық пікірталаста (процестерге) ғылыми талдау жасай білу жетіспейтінін, тіпті жай ғана білім жетпей жататыны жасырын емес.
Сайып келгенде, ой мен іс-қимыл, ескі нәрседен арылу, біз ойлағандай, Жаңа Қазақстанға ену әлі жалтақтық тудыруда.
Бірақ бүгінгі таңда бәрімізді біріктіріп отырған басты мәселе – кері оралуға болмайтындығын түсінуіміз керек. Не десек те, қоғамды сапалық жағынан жаңартуға, бағытты өзгертіп, қайта түлеуге бағытталған жаңа кезең басталды.
Өмірге сын тұрғысынан қарай білу маңызды
Ой мен іс-қимыл, қоғамдық сана мен практикалық жұмыстың сипатын айқындап, өмірге барған сайын тереңірек енуді, нағыз шындық туралы ашық, бүкпесіз, цифрлар мен фактілерді келтіре отырып айтуды үйрендік.
Еңсемізді көтеріп, бойымызды тіктедік, фактілерге тайсалмай, адал қарап, толғағы жеткен нәрселер туралы бүкпесіз, естіртіп айтатын болдық, қаншама жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды шешудің тәсілдерін бірлесіп іздестіріп талқылаудамыз.
Осы бетбұрыс жасалмаса, нақты өзгерістерге бетбұрыс болуы мүмкін емес еді.
Жарық мол болсын. Инициатива мол болсын! Жауапкершілік мол болсын. Тек жаңарудың терең сипатын, жаңаша саяси ойлау жүйесін тезірек меңгерейік. Біз Жаңа Қазақстанды – тұжырымдамасы ең адамгершіл, ең әділетті қоғам орната аламыз және солай етуге міндеттіміз. Жариялық көбірек болсын, соның бұлжытпай орындалуының берік ұстанымына сүйенейік, ортақ ісімізге сәттілік тілейік.
Жеткен жетістігіміздің бірі – ой мен сөз бостандығынсыз, пікірлердің ашық та кең қақтығысынсыз, біздің өмірге сын тұрғысынан көз жіберусіз – Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес еді.
Өткеніміз – бүгінгі күн үшін, қайта құру міндеттерін шешу үшін өмірлік қажеттілік.
Егер біз бүгінгі таңда өз тарихымызға сын көзбен зер салып отырсақ, мұның себебі болашаққа жеткізетін жолды жақсырақ, толығырақ елестеткіміз келетіндіктен ғана.
Берікжан ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор