Адам атадан, аләйһи уә сәлләм, Қиямет Күнге дейінгі барлық мұсылмандар қажылық парыздарын өтейтін әлемдегі ең киелі жерлер – Мекке қаласы, Қағба, әс –Сафа, әл –Мәруа, Арафат, Мұздалифа, Мина, адамзат тарихындағы ең ұлы, ең асыл жан, ең ұлы Пайғамбар Мұхаммедтің, салла Аллаһу аләйһи уә сәлләм, мүбәрак денесін қойнына алған Мәдина қаласы орналасқан, шипасы күшті зәмзәм суы сылдырай аққан, ислам ілімі мен мәдениетінің қайнар көзі, қасиетті қос мешіттің қорғаушысы саналатын Сауд Арабиясы Корольдігі кең-байтақ Арабия түбегінде бұрын-соңды орын тепкен үшінші мемлекет.
[caption id="attachment_9229" align="alignleft" width="368"] Қасиетті Мекке[/caption]
Неше түрлі саяси өзгерістерді бастан кешірген қоғамда ірі саяси қайраткер ретінде халық сеніміне ие болған Абдулазиз ибн Абдуррахман әл-Файсал әс-Сауд 1902 жылы 15 қаңтарда елдің қазіргі астанасы әр-Рияд қаласын азат етіп, 250 жыл бойына жалғасып келген Сауд әулетінің билігін қайта орнатты. Таққа отырғаннан кейінгі алғашқы 31 жылда бөлек-бөлек бытырап тоз-тозы шыққан халқын біртұтас мемлекетке біріктіріп, келесі 21жылда Корольдіктің бейбіт дамуына күш салған Абдулазиз патшаның еңбегі орасан зор. Жыл сайын 23 қыркүйек ол кісінің Сауд Арабиясы Корольдігін құрған күні – ұлттық мереке ретінде аталып өтеді. Абдулазиз дүниеден өткен 1953 жылы билік оның ұлдарына тиді. 13 әкімшілік ауданға бөлінген бұл елдің Ата Заңы Құран мен Сүннет, яғни, ислам шариғатына сәйкес қабылданып, мемлекет басқару ісі осы заңдылыққа берік негізделген. Әлемдегі мұнай қорының төрттен бірі, 204 триллион куб фут газ қоры бар саудтықтар осы байлықты өте тиімді пайдаланып, алпыс жылға жетер-жетпес уақыт ішінде ауылшаруашылығы мен өндірісі артта қалған елден тұрақты да қуатты экономикасы қалыптасқан алдыңғы қатарлы, гүлденген мемлекетке айналды. Бұрын өзіне керек тауарлардың бәрін шет елден таситын Сауд Арабиясы қазіргі таңда өндірістік тауар экспорттаушы елдер арасында 20-орын алса, өндірістің, энергетикалық кешеннің, сауданың, ауыл шауашылығының, құрылыс пен банк саласының дамуы жағынан әлемдегі ең жедел дамушы елдер санатына қосылды. Елдегі зауыттар мен фабрикаларда ішкі сауда айналымындағы тауарлардың басым бөлігі өндіріліп, олардың шетелге шығарылатын көлемі жылдан-жылға арта түсуде. Корольдік инфрақұрылымдарына орасан зор қаржы бөлініп, жылына екі мың шақырымдай жолдар салынады, жаңа үйлер, ауруханалар тұрғызылуда, өндірістік мекемелер ашылуда. Елдегі тас жолдардың ұзындығы 1952 жылы 237 шақырым ғана болса, 1995 жылы 43200 шақырым, автомагистральдарды қоса алғанда 139000 шақырымға жетті. Соңғы 60 жылда өте жоғары қарқынмен дамыған, жүзден аса ұшақтан тұратын ұлттық авиакомпания Таяу Шығыстағы ең ірі авиакомпания флоты саналады. Денсаулық сақтау жүйесі жергілікті халыққа да, шетелдік қонақтарға да тегін қызмет көрсетеді. Түрлі аурулардың алдын алу және емдеуге арналған ірі бағдарламалар жүзеге асырылып, мұндағы медициналық қызмет көрсету халықаралық деңгейдегі ең биік көрсеткішке жеттті.
Жылына 752000 унций алтын, 4 млн тонна темір, 17 млн тонна магний өндіретін, бұл ел т.б. минералдық заттар мен құнды металдарға өте бай. Тау-кен саласындағы өндіріс жылдан жылға 9 пайызға артып келеді, ал оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі 4 пайызды құрайды. Басқа сауда және өндіріс салаларының дамығанының арқасында мұнай өндірісінің ішкі жалпы өнім бойынша үлесі небәрі 36 пайызды қамтиды. Егін егіп, құрма, бақша өнімдерін және мал азығын өсіріп, қой-ешкі, түйе бағумен қатар, әртүрлі азық-түлік өнімдерін шығарып, Корольдіктің ең өнімді саласына айналған ауылшаруашылығының қарқындай дамуының нәтижесінде бүгінде Корольдік өзін-өзі азық-түлікпен, ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз ете алады.
Ауыл шаруашылығы уәзірлігінің басты назарындағы мәселелердің бірі – су ресурстарын дамыту. Шөл далада орналасқан корольдікте су үш түрлі жолмен: жер асты бұрғылау қорлары мен құдықтардан, жаңбыр суын жинап сақтаушы резервуарлардан, сондай-ақ, теңіз суын тұщыландыру арқылы алынады. Бұл мақсатта ауыз суын өндіретін 5200 бұрғылау қондырғыларын орнатып, жаңбыр суын тиімді пайдалануды көздеп 185 бөгеттер құрды. Сауд Арабиясының батыс және шығыс жағалауында орнатылған 25 тұщыландыру қондырғысы елге қажет ауыз судың 70 пайызын өндіреді. Шөлейтті елдің суға сұранысын уақтылы қамтамасыз етіп отырған технологиялық жетістігіне сүйінбей тұра алмайсыз.
Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін, мүгедек пен жұмыссыздарға сексенге жуық әлеуметттік қамсыздандыру бөлімдері қызмет көрсетеді. Бұдан тысқары 160 қайырымдылық қорлары көмекке мұқтаж жандардың бәріне қамқорлық жасайды
[caption id="attachment_9231" align="alignright" width="387"] Сауд Арабияның туризмі ерекше дамыған, қалалары да әсем[/caption]
Құран мен Сүннетті берік ұстанатын бұл мемлекетте бірінші кезекте имандылық, адамгершілік қағидалары сақталады. Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін, мүгедек пен жұмыссыздарға сексенге жуық әлеуметттік қамсыздандыру бөлімдері қызмет көрсетеді. Бұдан тысқары 160 қайырымдылық қорлары көмекке мұқтаж жандардың бәріне қамқорлық жасайды. Аллаһ Тағала сыйға тартқан табиғат байлығы осы елдің күллі азаматтарына ортақ деп исламның әділеттілік туын желбіреткен үкімет жарық дүниеге келген әр нәрестенің есепшотына қомақты қаржы аударады әрі ол жыл сайынғы таза пайдадан аударылатын қаражатпен толығып, кәмелеттік жасқа жеткенде білім алуына, үйленуіне молынан жететін ақшаны ақы иесінен басқа ешкім ала алмайды.
Жер шарындағы жетпістен аса мемлекетке ондаған миллиард доллар көлемінде көмек көрсететін Сауд Арабиясы дамушы елдерге жәрдем беретін әлемдегі ірі елдердің бірі. Бұл оның халықаралық ынтымақ-бірлікті, өзара тату-тәтті тірлікті қолдайтын бейбітшілік сүйгіш қайырымды сипатын танытардай. Салыстырмалы түрде айтсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарыда айтылған мақсатқа бөлінетін қаржының орташа мөлшерін ұлттық кірістің 0,7%-ы көлемінде белгілесе, өндірісі дамыған мемлекеттердегі ең ірі донор 0,2%-дан ғана асырған еді. Ал Сауд Арабиясы дамушы елдерге көмек ретінде өзінің орташа кірісінен немесе жалпы ішкі өнімінен 5,54% пайыз мөлшерінде қаражат бөледі. Осыған орай бір ғана мысал келтірейік: 1995 жылдың аяғында бұл мемлекет 66.25 сауд риалын (17 млрд. доллар) субсидия және жеңіл несие түрінде әлемнің 70 еліне таратты. Ал, Саудиялық даму қоры (SDF) халықаралық көмек берумен айналысатын басты ұйым. 1975-1976 жылдар аралығында аталмыш қор 21,4 млрд-тан астам сауд риалын (5,71млрд.дол.) ғаламшарымыздағы 63 елдегі 312 жобаны қаржыландыруға жаратты.
Жер шарындағы жетпістен аса мемлекетке ондаған миллиард доллар көлемінде көмек көрсететін Сауд Арабиясы дамушы елдерге жәрдем беретін әлемдегі ірі елдердің бірі. Бұл оның халықаралық ынтымақ-бірлікті, өзара тату-тәтті тірлікті қолдайтын бейбітшілік сүйгіш қайырымды сипатын танытардай. Салыстырмалы түрде айтсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарыда айтылған мақсатқа бөлінетін қаржының орташа мөлшерін ұлттық кірістің 0,7%-ы көлемінде белгілесе, өндірісі дамыған мемлекеттердегі ең ірі донор 0,2%-дан ғана асырған еді
[caption id="attachment_9230" align="alignleft" width="355"] Мұндай шаһарды көргісі келетін туристер жыл бойы осы елге ағылады[/caption]
Сондай-ақ 74,25 млрд. сауд риалын халықаралық қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдарға бөлді.
Сүйікті Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың сәлемі, игіліктері болсын, денсаулықты күтуге, спортқа айрықша ден қойғаны белгілі. Осынау ұлы сүннетке сай Сауд Арабиясындағы Жастар ісі жөніндегі Басқарушы Кеңес жастар тәрбиесі, оның мәдени және спорттық деңгейін көтеру шараларымен айналысады, жас спортшыларға барынша қолдау, көмек көрсетіп, сый- марапат жасауды әдеттке айналдырған. Бүркіт салу, түйе және ат жарыстары дәстүрлі спорт түрлері ретінде жоғары бағаланады. Туризм де шариғат талаптарына сай дамуда, бау-бақшаға бөленген, көрген жанды шөл даланың көз тартар көрікті аруындай тамсандыратын Таиф қаласы – Батыс жағалауда, Мекке, Жидда қалаларына таяу тау бөктерінде орналасқандықтан жазда әрдайым қоңырсалқын ауа райымен ерекшеленіп, курортты қала, ал, ми қайнатар ыстықта үкімет резиденциясы қызметін атқарады. Сондай-ақ, Қызыл теңіз және Парсы шығанағы жағалауларына қызығатын туристер легі бір толастамайды.
Жер шарында ислам дінін саналы түрде қабылдаушылар саны қатты көбеюде, осыған орай қажылыққа келушілер саны артқан үстіне арта түспек. Мұсылман мемлекеттерінде 15-20 жыл бойы қасиетті мекеннің топырағын бір басуды, қажылық парыздарын өтеуді армандап, өз кезегін күткен мыңдаған мүминдерді еске алсақ, Меккедегі Қағба және Мәдина қаласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітін қанша кеңейтсе де тарлық қылатынын түйсінетіндейміз. Марқұм Фахд патшаның кезінде жүзеге асқан ең ірі шараның бірі – қыруар қаржы жұмсалып осы екі мешіттің кеңейтілуі, көркейтілуі еді. Екінші ізгі ісі – 1985 жылы Мәдина қаласында киелі Құранды бастыру кешенінің құрылуы. Жыл сайын бұл жерде Құранның басқа тілдердегі мағыналық аудармасы, діни кітаптар мен басылымдар миллиондаған данамен жарық көреді.
Адамзат тарихындағы ең маңызды, ең ғажап, ең ұлы оқиғалар өткен осынау ғажайып елдің әлемге сыр ғып шертер құпиясы аз емес.
Гүлбаһрам Жебесін,
Дінтанушы,
Алматы қаласы.
ы.