Біз өз жерімізді қорғадық, енді бізді қылмыскер ретінде көрсетіп отыр

Dalanews 14 қаз. 2016 06:09 795



Атырау қаласында азаматтық белсенділер Макс Бокаев пен Талғат Аяновтың ісіне қатысты сот өтіп жатыр. Бейсенбі күні сотталушылардың адвокаты Төлепқали Аянов жаңа өтініш түсірді. Ол шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің "заңсыз митинг ұйымдастыр" деп Талған Аяновқа берді делінетін ақшалардың нөмірлерін зерттеуін сұрады.






Судья Гүлнәр Даулешова бұл өтінішті қабылдаған жоқ. Өйткені Төлешовтің ісін басқа сот қарап жатыр, деді ол.

Одан соң сот отырысының сот тергеуі кезеңіне өткені жарияланды, прокурор Садықов айыптама актісін оқып шықты. Прокурор Боқаев пен Аянды халықты Атырау қаласында 24 сәуірде жер реформасына қарсы митингке шақырып, баспасөзді қолдану арқылы әлеуметтік араздық туғызған деп айыптап отыр. Сотталушылар бұл айыптауларды бұған дейін бірнеше мәрте жоққа шығарған, белсенділер бұл істің саяси астары бар деп есептейді.

"Қазақстанда азаматтарға бейбет жиындар өткізуге құқық беретін заң бар. Бұл заңның күші жоқ болса, онда оны неге алып тастамайды? Мені не үшін айыптап отырғанын түсінбеймін", - деді Макс Боқаев.

"Біз өз жерімізді қорғадық, енді бізді қылмыскер ретінде көрсетіп отыр", - деді Талғат Аян.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар