Бір өңірлерде жаңбыр жауса, енді бір өңірлерде аптап ыстық болады

Бір өңірлерде жаңбыр жауса, енді бір өңірлерде аптап ыстық болады
ашық дереккөз

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 2-4 маусым аралығында атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

2 маусымда Павлодар облысында, 3 маусымда Атырау, Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, ал 4 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +23…+28 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыста +13…+26 градус аралығында болады. Солтүстікте +25…+32 градусқа дейін, орталық пен шығыста +27…+36 градусқа дейін жылынады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы сәл төмендеп, +25…+35 градус болады.