Бір ай нан жемесеңіз, ағзада не өзгереді?

Ақтоты Жапатова 24 ақп. 2026 09:00

Көп адам артық салмақтан арылу үшін ең алдымен наннан бас тартады. Бірақ бір ай бойы нан жемесе, ағзада нақты қандай өзгерістер болады? Бұл шешім шынымен пайдалы ма, әлде кері әсері де бар ма? Толығырақ Dalanews.kz сайтында.

Салмақ азаюы мүмкін

Наннан бас тартқанда ең алдымен салмақ азаюы ықтимал. Себебі бұл көмірсулардың азаюымен байланысты. Ағза гликоген қорын жұмсап, сонымен бірге су да сыртқа шығарылады. Алайда бұл толыққанды май жағу емес, көбіне су жоғалту екенін ескеру керек.

Тәбет өзгеруі мүмкін

Ақ нан сияқты рафинадталған өнімдер қандағы қантты тез көтереді. Кейін ол күрт түсіп, қайтадан аштық сезімін тудырады. Нан жемесеңіз, мұндай аштық сезімі азаюы мүмкін.

Әлсіздік пайда болуы мүмкін

Нан – көмірсулардың негізгі көзі. Ал көмірсулар – ағзаның басты энергиясы. Сондықтан нанды толық алып тастау кей адамдарда әлсіздік, тез шаршау, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Спортпен айналысу қиындауы мүмкін

Көмірсулар азайса, энергия да азаяды. Нәтижесінде жаттығу кезінде күш жетпеуі, тез шаршау байқалуы мүмкін.

Көңіл күйге әсер етеді

Көмірсулар серотонин деңгейіне әсер етеді — бұл көңіл күй гормоны. Сондықтан наннан толық бас тарту кей жағдайда ашушаңдыққа немесе көңіл күйдің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Кетоз белгілері пайда болуы мүмкін

Егер көмірсулар өте азайса, ағза майды ыдыратып, кетондар бөле бастайды. Бұл мынадай белгілерге әкелуі мүмкін:

  • ауыздан жағымсыз иіс;

  • әлсіздік;

  • бас айналу;

  • ұйқының бұзылуы;

  • зейіннің төмендеуі.

Наннан толық бас тарту пайдалы ма?

Көп жағдайда – жоқ. Егер сізде глютенге аллергия болмаса немесе дәрігер кеңес бермесе, нанды толық алып тастау міндетті емес. Ең дұрыс шешім - ақ нанды азайту және оның орнына тұтас дәнді (қара, кебекті) нан таңдау.

Күніне қанша нан жеуге болады?

Мамандардың айтуынша, тәулігіне шамамен 200–300 грамм пайдалы нан (әсіресе тұтас дәнді) тұтынуға болады.

Наннан бір айға бас тарту қысқа мерзімде салмақ азайтқандай әсер беруі мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт бойы көмірсуларды шектеу ағзаға кері әсер етуі ықтимал. Сондықтан ең тиімді жол — толық бас тарту емес, дұрыс таңдау мен тепе-теңдік сақтау.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove