Freedom Inside '26

Армения мен Өзбекстаннан Қазақстанға жаңа әуе рейстері іске қосылады

Армения мен Өзбекстаннан Қазақстанға жаңа әуе рейстері іске қосылады
Depositphotos

Армения мен Өзбекстаннан Қазақстанға жаңа әуе рейстері іске қосылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

12 маусымнан бастап Арменияның FlyOne Armenia әуе компаниясы Ереван мен Алматы арасында тікелей рейстер орындай бастайды. Әуе қатынасы аптасына екі рет жүзеге асады.

Ал 13 маусымнан бастап Өзбекстанның My Freighter әуе компаниясы Ташкент - Қостанай бағыты бойынша жаңа рейс ашады. Ұшақтар бұл бағытта аптасына бір рет, яғни сенбі күндері қатынайды.