Халықты өзгерткісі келеді. Алдымен өздерінен бастамай ма? Əйтеуір бас көзі жоқ реформа жүргізуге "мəстір".
Халыққа тыныш өмір сүруге де мүмкіндік бермейді ғой бұлар. Сосын кішкентай бала сияқты көргенін істейді.
Əй, ол шетел. Біз Қазақстан. Арамыз жер мен көктей.
Шетел реформа жасаса біліп жасайды, оның себебі мақсаты болады. Дамыған елдерде реформа жасау бəр деңгейден бір деңгейге өсу.
Бізде керісінше, барды жоқ қылу, бұрынғының астаң-кестеңін шығару, ауыз көпіртіп сөйлеп, шаш ал десе бас алу.
Ақыры сол реформа аяқсыз қалады.
Ұят-ай...
Анығы, биліктің өзіне реформа керек. Халықты тəрбиелемей тұра алдымен өзі түзелсін. Өзіне сырт көзбен қараса жетіп жатыр. Жерге кірердей болады...
Алды арты жоқ реформаларыңнан халық қажыды.
Науқаншылсыңдар. Істеріңнен сөздерің көп. Əй, бірақ бұлар біздің сөзімізді елейді дейсіз бе? Ойлары реформа ғой...
Жұмаш ШҮЙКЕНОВ,
«Қала мен Дала» газетінің тұрақты оқырманы