ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға жақсы баға үшін банктердің бонус беруі қаншалықты дұрыс деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Жақсы оқу тек сыртқы мотивацияға негізделмеуі керек. Бала жоғары баға алу немесе ақша үшін ғана оқуға үйренбеуі тиіс, өйткені білім – адамның болашақтағы мансабы мен жетістігі үшін қажет. Сондықтан бұл мәселеде де сақтық қажет. Білім беру жүйесі өте ауқымды, шығармашылық тәсілдер мен түрлі ұсыныс көп кездеседі”, – деді министр Мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, мұндай тәжірибелерді енгізуге болады, алайда оны кеңінен қолдану ұсынылмайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда Kundelik.kz және BilimClass электронды күнделіктерінде қойылған үздік бағалар үшін оқушыларға бонус тағайындап отыр.