Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қазақтың ежелгі салт-дәстүрі Беташардың ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сүйінші жаңалық туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді”, - деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында.