Бергей Рысқалиев ел есінде несімен қалды?

Бергей Рысқалиев ел есінде несімен қалды?
Атырау облысы мен Атырау қаласының экс-әкімі, кәсіпкер Бергей Рысқалиев күні кеше көпшіліктің көзіне түсіп, елді дүрліктірген еді. Көзден таса болған шенеуніктің суреті мен оның қазіргі жай-күйі ту...

Атырау облысы мен Атырау қаласының экс-әкімі, кәсіпкер Бергей Рысқалиев күні кеше көпшіліктің көзіне түсіп, елді дүрліктірген еді. Көзден таса болған шенеуніктің суреті мен оның қазіргі жай-күйі туралы ақпаратты қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов желіге жүктеген болатын. Қоғамның назарын аударған жазба экс-шенеуніктің өткенін қайта қазбалауға түрткі болды. Осы тұста Dalanews.kz агенттігі Рысқалиевтің саяси-қоғамдық алаңда жүріп өткен жолы мен “Ескі Қазақстан” төңірегіндегі шенеунікке қатысты даулы мәселелерді тағы бір мәрте еске түсіріп көрді.

Құсайыновтың Рысқалиев туралы жазбасы

Батыс өңірін басқарған Рысқалиев саяси себептермен Ұлыбританияда босқын мәртебесін алған болатын. Себебі елдің Жоғарғы соты қылмыстық қудалаудың саяси астары бар деп шешкен.

Рысқалиев пен Мусиннің Лондонда жүрген суреті қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайыновтың парақшасында пайда болды.

"Шындығында Атырау жұртына кең танымал Бергей ағамыздың айналасындағы жігіттер Европадағы қазақ диаспорасының ішіндегі ең мықты топ десек болады. Бұл ағаларымызды судан таза, сүттен ақ демеймін,себебі Қазақстан секілді супер президенттік жүйеде жемқорлықтан ешкім ада бола алмайды.Бірақ қалай айтсақ та, әр қазақ- менің жалғызым демекші, елден жырақ жүрген кез келген европашыл қазақ біз үшін қымбат болуы тиіс...", - дейді қоғам белсендісі.

Әкімдікке дейінгі қызметі

Атырау облысын және Атырау қаласын басқарған Рысқалиев саяси себептермен Ұлыбританияда босқын мәртебесін алған болатын. Себебі елдің Жоғарғы соты қылмыстық қудалаудың саяси астары бар деп шешкен.

2012 жылы 15 тамызда экс президент Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі әкім Бергей Рысқалиевті Атырау облысы басшылығынан алып, орнына Бақтықожа Ізмұхамбетті сайлауға барған. Назарбаев облысты алты жылға жуық басқарған Рысқалиев басқа қызметке ауысатынын айтқан болатын.

Ал келесі күн, яғни 16 тамызда БАҚ-тар Бергей Рысқалиев денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кеткенін хабарлай бастады.

Отставкадан кейін Рысқалиевті дискредитациялау кампаниясы басталып, оның қоластында болғандарды ұстап, қысым көрсету басталған.

2013 жылдың 5 ақпанында Рысқалиевке іздеу салынды. Оған Қылмыстық кодекстің 176-бабында көзделген қылмысты жасады деген және ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды деген айып тағылды. 2019 жылдың 25 қаңтарында сырттай сот отырысы өтіп, сот Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырды. АҚШ саясаткерлері Рысқалиевті сырттай соттаудың саяси астары бар деп баға берді.

Осы аптада Жоғарғы сот жемқорлық айыбымен сотталған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен інісі, экс-депутат Аманжан Рысқалиевтің тәркіленген дүние-мүлкін қайтарып берді. Dalanews.kz осы шешімнің заңдылығына күмән келтірген экономист Айдар Әлібаевтің ой-пікірін назарыңызға ұсынады.   

"Білесіздер, 2012 жылы Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиев қызметінен қуылды және бірден шетелге кетіп қалды. Бұдан кейін тергеу басталып, біраз былықтың беті ашылды.

Бергейдің мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны, қызметін асыра пайдаланғаны, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны әшкере болды.

Былтыр осыған қатысты өткен сот ісінде Бергей мен інісі Аманжан Рысқалиев сырттай сотталып, бұлардың қосынында болған тағы 22 адам 2,5 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта жаза арқалады. Тергеу барысында Бергей құрған қылмыстық топ 72 млрд теңгеден аса мемлекет қаражатын қалтасына басқаны анықталды.

Сот бұйрығы бойынша ағайындыларға тиесілі 185 нысан, оның ішінде пәтер, жер учаскілері, жер асты гараждары, жылжымайтын мүлік, банктегі есеп-шоттар және басқа да материалдық мүлік тәркіленді. Мұны ақшаға айналдырғанда млрд-пен бағаланатын тағы бір капиталдың басы құралар еді.

Билік ағайындылардың соңына түсіп, халықаралық іздеу жариялады. Осы уақытта тергеушілер Бергейдің барша былықтарын топтастырып, том-том етіп тікті. Соның нәтижесінде экс-әкімге үкім шығарылып, Бергей 17 жыл арқалады. Інісі Аманжан 16 жылға сотталды. Сырттай. Ілгеріде айтқан барлық дүние-мүлкі тәркіленді.

Осы күнге дейін олар Англияда өмір сүріп келді, сүріп те жатыр. Алайда әлгі үкімнің күші ұзаққа барған жоқ.