"Базар сияқты, "Алтын орда" сияқты" - қазақстандық әнші Нью-Йорктегі Times Square туралы

Сағыныш Сардарова 13 сәу. 2026 14:57

Жастардың арасында Yenlik есімімен танымал қазақстандық әнші Еңлік Құрарбек Нью-Йорктегі Times Square алаңынан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Times Square алаңында тұрған видеосын жариялады: "Базар сияқты ма, "Алтын орда" сияқты. Жай үлкен жарнамалық билборд көп", - деді ол.

Сондай-ақ, әнші жариялаған кадрда ресейлік тележүргізуші, әзілкеш Максим Галкин де көрініп қалған.

"Аузым ашылып, қасымда Максим Галкинді байқамаппын", - деді өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің видеосына түрлі пікір білдіріп жатыр.

"Баруды армандап жүрсек, базар сияқты дегені ше?", "Нью-Йорктің "Алтын ордасы" ғой", "Өзіміздің "Алтын орда" ғой", - деп әзілдеп жатыр жұрт.

Еске салайық, бұған дейін Yenlik Colors жобасына өткен алғашқы қазақстандық атанғанын жазған едік. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove