Қаладағы сондай базарлардың бірінен мектепте оқитын Нұрболат есімді жасөспірімді кездестірдік. Нұрболатта өз жасындағы балалар сынды ойын ойнап, жазғы демалыста қыдырып, оны қызықты өткізгісі келедi. Бiрақ амал нешік, онын қарапайым балалардан бір ғана айырмашылығы ол жұмыс – iстейдi. Нұрболаттын жұмысы сатушы. Бар болғаны 11 жасында еңбектің нанының тәтті дәмін сезген бүлдіршін болашағын кәсіпкерлік пен байланыстырады.
– Қазір анамның көтерме базардан алып келген киім-кешектерін сатып, көмектесіп жүрмін. Бастапқыда қыздарға, апайларға киімдерді көрсетіп, кигізіп, өлшетіп тағы басқаларын айтатын кезде қатты ұялатынмын. Қазір үйреніп алдым. Келген адамның дене бітіміне қарап, қай көлемдегі киім киетінін білем, үстіндегі өзінің киген киіміне қарап қалтасының қалыңдығын түсінемін. Ендi қазір осында тұрғаныма бiр жылдай болып қалды. Мұнда достарым да көп. Бірақ артымдағы інім мен қарындасымның мен сияқты базарға шыққанын каламаймын. Өйткені олардың балалық шағының ойын-күлкісінен айырғым келмейді. Інім 8 жаста, қарындасым 5 жаста. Сондықтан келешекте бинесмен болғым келеді, – дейді Нұрболат.
Бүгнде балалардың еңбекке ерте араласуы елiмiзде толық қадағаланбайды. Сонымен қатар, заң жүзiнде бұл рұқсат етiлмеген жұмысқа жегу болып табылады. Айта кететін жайт, жастардың физиологиясына және жас мөлшеріне байланысты ауырлықты көтеруге қатысты белгiлi бiр iшкi нормалары болады.
Алайда базарды жасартып жүрген балалардың және оларға жұмыс берушілер бұл талаптарды сақтай бермейді. Осының салдарынан арзан еңбек күшiне айналған жастарымыздың денсаулығына айтарлықтай зиян келеді.
КР «Бала құқықтары туралы» Занынын 19-бабында «Әрбір бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға қылы» деп көрсетілген.
Дегенмен базар жағалап, оның күнделiктi қарбалас тiршiлiгiмен біте қайнасып жүрген балалардың барлығы ондай мүмкiндiктepгe ие емес. Қазір өзі ата-аналардың бала еңбегiне деген көзқарасы да әртүрлі. Бiрi еңбек – баланын денсаулығына кері әсер етедi десе, екiншiлерi бала ертерек еңбек етiп үйренсе, болашақта өз күнiн өзi көре алатындай пысық болады деп ойлауы мумкін.
Ең бастысы, ата-аналар бүгiнгi жастар ертеңгi ел тұтқасын ұстайтын азаматтар екенін ұмытпағандары абзал. Ал сол ел тұтқасын берiк ұстайтын бiлiмдi де, бiлiктi, дендерi сау, рухани адамгершiлiгi жоғары тұлгалар базарда емес, оқу орны партасында тәрбиеленерi баршамызға мәлім.
Мәселен, жұмыстың түріне қарай 16-18 жас аралығындағы балаларға 16,4 келіге дейін салмақтағы жүк көтеруіне рұқсат етіледі. Дәл осы жас аралығындағы қыз баласы үшін көтеретін зат салмағы 10,25 келіден аспауы керек.
Айтар ой:
Рая апа, жеміс-жидек сатушы:
– 90-жылдары базарда қыз-келіншектер көп болатын. Бәрi отбасын асырау үшiн сауда-саттықпен айналысатын. Ендi мiне, базар жасарып барады. Балалардың базарларда сауда жасап, жүк тасушы болып, тиын тауып жүргені ойландырмай қоймайды. Өзімнің де балаларым бар. Мен оларды мұнда алып келмеймін. Олар – жастар, базарда жүрмеуі керек қой. Олар білім алып, елімізді дамытуға атсалысуы керек. Бiрақ барлығын сөзбен айту оңай. Әркімнің тағдыры әртүрлi. Бiрi ата-анасына көмектеседi, келесiлерiнiң ондай әке-шешелерi де жоқ. Не де болса мектеп жасындағы балалардың мектеп партасында отырғандары дұрыс. Оны жақындары қадағалауы керек шығар.