Маңызды құжатта Украинаның әскери қорғаныс қабілетін арттыру, ел азаматтарын Ресей агрессиясынан қорғау мәселесі тайға таңба басқандай анық жазылған.
Сонымен қатар ленд-лиз Украинаға қандайда бір қару түрін жеткізуде барысында АҚШ перзидентіне бірқатар артықшылықтар беретінін де айта кетуіміз керек. Енд қарау-жарақ жеткізу ісіне бюрократиялық процедуралар кедергі болмайды. АҚШ президенті аталмыш құжатқа сүйеніп, өзі шешім қабылдайтын болды.
Бұдан басқа Украина жеткізілген қару-жарақ үшін бірден ақы төлеуден босатылып, қарызын кейін өтеуіне мүмкіндік алады.
Ленд-лиз АҚШ Конгрессіндегі екі партия мүшлерінен де қолдау тапқанын айта кетуіміз керек. Өз кезегінде Конгресс мүшелері «Ленд-лиз заңы Украинаның Ресей агрессиясына қарсы тұрып, ауқымды көмекті тез алуына жол ашады» деген болатын.
Бұл АҚШ тарихындағы екінші «ленд-лиз» заңы екенін естеріңізге саламыз. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қабылданған ленд-лиз Гитлерді тықсыра жеңуге себепші болған.
Алғашқы ленд-лиз 1941 жылы Рузвельттің кезінде қабылданған-ды. Алғашында ленд-лиз бойынша Гитлермен күрескен Ұлыбританияға көмек көрсетілсе, кейіннен АҚШ ленд-лиз шеңберінде Кеңестер Одағына әскери көмек көрсетті. Осылайша фашистік Германияға тосқауыл қойған болатын.