Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Ербол Сейілханға берген сұхбатында тоқал алуды заңдастыру керек деген пікір білдірді. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бұл мәлімдемеге тосын жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңда тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан мұны заңдастыру керек деп есептеймін. Заңмен реттеу қажет. Әуелі қоғамның талқысына салу керек", - деді депутат.
Бұған жауап ретінде Баян Алагөзова екі күйеуге тиюді заңдастыруды сұрады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Еске салайық, бұған дейін журналист Нұрбек Бекбау көпәйел алу құбылысы мен “талақ” мәселесіне терең талдау жасады.
